Тараз, Шымкент және Қызылордада ҰҚК мен ІІД бірлесе жүргізген арнайы операцияның фотосы мен видеосы жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында жедел тергеу тобы сегіз күдіктіні құрықтады.
Олардың мекенжайлары бойынша 21 тінту жұмысы жүргізілді. Атап айқтанда, «КАИС-сервис»ЖШС, «Қарамай Ойл» ЖШС ғимараттары тінтілді.
Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар арасында Қызылорданың транспорттық прокуроры Н. Серікбаев құрықталды.