jasqazaq.kz

Мұхамедияр Құдайқұлов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

31 шiлде 2017, 15:53

АҚШ-тың Калифорния штатында «Jiu-Jitsu world League» джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде ел намысын «Kazakhstan Top Team» клубының спортшысы Мұхамедияр Құдайқұлов қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпараттық және спорттық хаб мәліметінше, Мұхамедияр 72 келі салмақта, «сары белбеу» санатында 2002-2003 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында жарыс жолына шықты. Естеріңізге сала кетсек, Мұхамедияр 15 шілдеде Алматыда өткен Arlan Grip Selection Kids турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын. Қазіргі таңда, Қазақстанда джиу-джитсу қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, ересектер мен балалар, тіпті арулардың да бұл спорт түріне қызығушылығын атап өтуге болады. Қазақстанда өтетін жарыстарға бақ сынайтын қатысушылардың саны да жыл санап артып келеді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда