jasqazaq.kz

Мүгедек жігіттің медбикелерге тиіскен сәті видеоға түсіп қалды

21 маусым 2017, 21:56

Алматыда № 4 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары науқастың медбикелерге тиіскен сәті түсірілген видеоны жариялады, болжаммен Марат Тұрымбетов медбикелерге тиіскен.

Еске салайық, осыған дейін ол қауіпсіздік қызметінен таяқ жегені туралы айтып, әлеуметтік желіде шағымданған болатын. Видеода оқиғаның 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін болғаны айтылады, № 4 аурухананың мамандары ұсынған видеода науқас медбикелерге қол жұмсап, олардың интим жерлерін ұстап, сүйіп алуды көздейді. Медбике жазған шағымдарының бірінде осы әрекеттердің гемодиализ процедурасы кезінде болғанын айтады. «Өзін әдепсіз ұстайды, қатты айғайлайды, қызметкерлерге ұрысады, бөлімнің тыныштығын бұзады, ән айтып, қол жұмсайды, кей кездері сексуалдық сипаттағы әрекетке дейін барады. Процедура кезінде қолыңнан сипап, дене мүшеңнің төменгі жағына қол тигізеді. Ескертулерді елемейді, шағымданамын деп қорқытады немесе жазуға себеп іздеп жүреді. Сол себепті мен жұмыстан кеттім», — деп жазған медбике бас дәрігерге жұмыстан шыққан түсіндіру кезінде. Тағы бір қызметтік хатта 2017 жылы 4 ақпанда аурухана қызметкерлері бас дәрігерден шара қолдануды сұрайды. Науқастың әрекеттері қауіпсіздік қызметіне жеткізілгені айтылады. Медбикелерге науқастың әрекеттерін телефонның камерасына түсіріп алу ұсынылған. Бас дәрігер қызметтік тексеріс жүргізілгеннен кейін осы істі құқық қорғау органдарына жіберілуін тапсырған.

Еске салайық, осыған дейін Марат Тұрымбетов Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханасының қауіпсіздік қызметі қол жұмсағаны туралы шағымданған болатын. Оқиға туралы ол Facebook желісінде жазған.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда