jasqazaq.kz

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты

22 тамыз 2017, 16:18

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтып берді. Нұржан есімді сері әншінің алғашқы махаббаты болған екен.

Бұл туралы 31 арнаның “Все только начинается” бағдарламасына сілтеме жасаған Stan.kz хабарлайды.

“Иә, мектепте ғашық болған кезім болды. Ол баланың есімі Нұржан болатын. Тіпті, тегі әлі күнге дейін есімде – Есмаханов. Оған ғашық болғанымды өзі біледі. Ол менен бір сынып жоғары оқыды. Жалпы ол жігітке мектептің бүкіл қыздары ғашық болатын. Өзі спортшы жігіт еді, чемпион.

Ол мектепке жиі келмейтін. Себебі үнемі жарыстарда жүретін. Ал ол мектепке келген кезде қыздар естерін жоғалтатын. Ашықтан ашық хат жазатын. Оның Сандуғаш есімді қарындасы бар. Мектепте қыздардың бәрі сол Сандуғашпен дос болғысы келетін”, – деп еске алды Мәдина.

Бұдан кейін Мәдина өкінішіне айналған оқиғаны еске алды.

“Күндердің күнінде біз Нұржан екеуміз баспалдақта көз түйістіріп қалдық. Ол «сәлем» деді де жоғарыға көтеріліп кетті. Ал мен содан кейін баспалдақтан қалай түскенімді де білмеймін. Сосын мектеп бітіргенше: «Неге оған жауап бермедім?» деп ойлай бердім”, – деді ағынан жарылып әнші.

Сәдуақасова алғашқы махаббаты Нұржанды жуырда Қызылордада кездестіріп қалған екен.

“Оны мектеп кезінде ұнатқанымды журналистер айтып қойды. Олар алғашқы махаббатымнан: «Мәдина Сәдуақасованың сізге ғашық болғанын білесіз бе?» деп сұрағанда ол: «Жоқ, мен тіпті де, артымнан қыздардың көп жүгіргенін байқамаппын», – деп жауап берді. Спортшылар қауымы сондай болады екен ғой”, – дейді Мәдина күліп.

“Ал бұл жаңалықты күйеуіңіз қалай қабылдады?” деген сұраққа әнші:

“Бірқалыпты. Жалпы мектептегі бала махаббат барлығында болады деп ойлаймын. Оның үстіне Олжас екеуміздің арамызда ешқандай сыр жоқ. Ол онсыз да мен жайында бәрін біледі”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда