jasqazaq.kz

Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым

05 шiлде 2017, 12:19

Танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева жақын құрбысы Баян Есентаеваның жаңа кітабына қатысты пікір білдірді. Баянды 17 жасынан бастап танитынын айтқан ол Есентаевтар жанұясының қалай құрылғанына да тоқталып өтті.

Тележүргізуші Баян мен Бақытбектің шаңырағының шайқалғанына қапа болғанын жасырмады. Ол Есентаевтарды үлгілі отбасы деп санағанын тілге тиек етті. Алайда 25 жыл бойы Баянмен дос болса да, оның жүрегінің махаббаттан бос болғанына енді көз жеткізгенін айтты.

«Алдымда жатқан кiтап туралы жазу маған оңай емес. Өте қиын. Ойым шатасып отыр. Бiрақ тiс жармай отыру да құқым жоқ шығар. Баян Мухитденовамен танысқанда жасым 17-де болатын. Қазiр 42-демiн. Өмiрдiң көбi кетiп, азы қалды. Бақытбек пен Баянның отбасы – мен үшiн ерекше ыстық, жақын, бауыр басып қалған үлгi алатын жанұя болатын. Баян мен Бақытбек танысқан кезде мен сол сәттiң күәсi болғам. Бахамен Баянның тойында мен қыз жолдас болдым, Айсаулеге кiндiк шеше атандым, содан берi жиырма бес жыл зуылдап өте шығыпты…

Бiр жыл бұрын барша елге мәлiм болған қайғылы оқиға төбеме жай түскен оқиғалардың бiрi болды. Сырт көзге мiнсiз, махаббат пен берекеге толы семьяның шаңырағы қақ жарылды. Бұл жерде маған бiрнәрсе айту, сараптау өте қиын, расымды айтсам.

Баян бала кезiмнен келе жатқан құрбым. Баха – құрбымның жиырма екi жыл бойы отасып келген жан жары, қыздарының сүйiктi әкесi. Ешқашан Баханың жаманшылығын көрген емеспiн. Ауыр сөзiн естiген емеспiн. Баянға деген шексiз махаббатының күәсi болдым. Бiрақ, Баянның жүрегiнде махаббат деген сезiмнiң орны бос болған екен… Оның толыққанды жәй жапсарын кiтаптан оқып бiлдiм. Бұл отбасының тағдыры осылай қайғылы аяқталғанына мен үшiн ауыр. Бұл кiтап – Баянның жан айқайы деп бiлемiн. Толассыз талқыға түскен оқиғаға қойған нүктесi. Баянға бар тiлерiм – кездестiрген махаббатың үмiтiңдi ақтасын. Ал, Бақытбек аман-есен шығып, өзiн шынайы сүйетiн қызды жолықтырсын. Ол оған лайықты азамат», – деп жазды Мәдина Балғабаева.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда