Қырғызстандағы мектептердің бірінде мұғалім 4 оқушыны сөмкелерімен аяусыз ұрып тастаған.
Видеода көрінгендей, оқытушы оқушыларды кезек-кезек өз сөмкелерімен ұрып шығады. Бірақ оқушылар мұғалімге ешқандай қарсылық көрсетпей, бастарын қолмен көлегейлеп қана қорғанады.
Болған оқиғаны сыныптағы басқа бір оқушы видеоға түсіріп алып, редакцияға жолдаған көрінеді. Мұғалімнің жоғары сынып оқушыларын не үшін ұрып жатқаны әзірге белгісіз.