Ұлыбритания астанасы Лондонда Grenfell Tower көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, түгелдей отқа оранды. Шаһардың батысында орналасқан 27 қабатты зеңгір ғимараттың тұрғындары шұғыл эвакуацияланған.
Апат кезінде 30 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен 200 өрт сөндіруші күресіп жатыр. Полиция оқиға болған ауданды қоршап, тұрғындарға абай болуды ескертті. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз.