jasqazaq.kz

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

24 шiлде 2017, 15:19

Жол апатына ұшырап, жұртты алаңдатқан Ернар Айдар көпшілікті жаңа бейнебаянымен қуантты. Әнші шынайы оқиғаға негізделген клип таспалап, тыңдармандарын бір жылатып алды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ернардың клипіне елдің сүйіспеншілігіне бөленген атыраулық ғашықтар түскен. Естеріңізде болса, 7 жыл бойы төсекке таңылған сүйіктісіне қамқор болып, одан бір адым алыстамаған Марлен есімді жігіт туралы бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз.

Жастай ауыр дертке шалдыққан Әнел бірнеше жыл бойы арнайы құрылғының көмегімен тыныс алған. Сүйіктісінің қолдауының арқасында 10 ота жасатқаннан кейін құлан таза айығып кеткен. Бүгінде қол ұстасқан қос ғашықтан асқан бақытты жандар жоқ. Олардың ендігі бар арманы – отау тігіп, бақытты ғұмыр кешу.

Ал жол апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалған Ернар Айдардың кейіпкер ретінде Марлен мен Әнелді таңдап алуы бекер емес сияқты. Себебі ажалмен бетпе бет келген әнші халыққа махаббатты, өмірді дер кезінде бағалау керектігін түсіндіргісі келгендей… Ал халыққа нағыз махаббат хикаясын көрсеткен Ернарға “бәрекелдіден” өзге айтарымыз жоқ!

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда