Семейде аулаға кіріп келген 34 жастағы көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне тіреліп қалады. Ер адам жедел жәрдем машинасын жолдан алып тастауды талап етеді. Қарсылықтан кейін ол жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды. Оқиға 14 маусым күні сағат 23:00-де болған. Жедел жәрдем бригадасы Дулатов көшесіндегі пәтерлердің біріне келген. Медбике науқасқа кіріп кеткен кезде, аулаға Lexus RX300 маркалы көлік кірген. Иномарканың иесі жолынан жедел жәрдем көлігі алып тастауды талап етеді. 57 жастағы жүргізуші кез-келген сәтте дәрігерлердің келіп қалуын айтып, жағдайды түсіндірмек болған. Қарсылықты ести салысымен ашулы ер адам жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.
“Дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 293 “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті бұзақылық әрекеті үшін айыпталып отыр. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады ІІД.