jasqazaq.kz

Әлеуметтік желі арқылы Сирияға баруға үгіттеген азамат сотталды

18 тамыз 2017, 11:17

Әлеуметтік желі арқылы азаматтарды Сирияға баруға үгіттеген оңтүстікқазақстандық тұрғын бас бостандығынан айырылды.

Сайрам аудандық соты 27 жастағы тұрғынды 5 жылға соттады. Сот барысында айыптау үкімін оқыған судья Салтанат Қабылова Әбілқасым Қажырхановтың ұялы телефон арқылы әлеуметтік желілерге шығып, терроризмді насихаттағаны үшін сотталатынын айтты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы 2 бөлігімен «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2017 жылғы 20 сәуірге белгіленді. Еске салайық, тергеу барысында айыпталушы ВКонтакте әлеуметтік желісіне тіркеліп, ұзақ уақыт экстремистік насихат жұмыстарын жүргізген. Ол қасиетті мұсылмандар соғысына қатысуға, экстремистік топтарға қолдау көрсетуге шақыратын материалдар салып отырыпты. Таяу Шығыс пен Сирияда жиһад жасауға үгіттеген. Оның әкесі де осындай заңға қайшы әрекеті үшін жазасын өтеуде екен.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда