jasqazaq.kz

Ұлдары намазға жығылған ана дүкенінде арақ сатудан бас тартты

05 маусым 2017, 17:42

Азық-түлік дүкені қожайындарының көбі­сінде арақ болмаса сауда жүрмейді деген түсінік қалыптасқан. Алайда ел ішінде арақ сатпайтын дүкендер де бар екен. Сондай дүкендердің бірі Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан деп жазады Замана басылымы.

Азада Айтжанованың айтуынша, кейінгі екі жылдан бері арақ сатуды мүлдем қойған. Себебі дүкенге тауар тасып беріп тұратын күйеуі үйдің шатырынан құлап, омыртқасын зақымдап төсекке таңылып қалыпты. Содан соң күйеуінің жұмысын ұлдары мойнына алып, тауарды әкеліп беріп жүреді. Оның ішінде арақ та бар. Біраз жылдар бұрын намазға жығылып, дін жолына бет бұрған ұлдары бұған дейін де әке-шешесіне арақ сатудың күнә екенін айтып жүріпті.

Алайда арақ болмаса сауда жүрмейді деген түсінікке таңылып қалған ерлі-зайыптылар ұлдарының сөзіне аса мән бермеген. Кейін арақ тасу өздеріне қалғанда ұлдары: «Дүкенге жәшіктеп арақ тасыған соң оқыған намазымыз желге ұшпай ма?» – деп анасына ренішін білдіріпті.

Сөйтіп Азада Айтжанова арақ сатуды тоқтатыпты. Ішімдік сатуды доғарғалы бері отбасының берекесі кіріп, жандары тынышталып қалған.

«Бәрінен де жаным тынышталып қалғанын айтсаңызшы. Бұрын арақ сататын кезімізде күйеулері үйіне арақ ішіп барған әйелдер маған келіп ұрсып кететін. Тіпті біреуі сол арақтың ақшасын мен саған былай-ақ беріп тұра­йын деп ұрысқаны есімнен кетпейді. Сонда жаным жараланып, кәдімгідей көңіл-күйім түсіп кететін. Ал қазір ел алдында жүзім жарық. Біздің арақ сатпайтынымызды білген соң ішетіндер де келмейді, арақ сұрап миымызды ашытпайды. Тағы бір байқағаным, үйіміздің де берекесі кіріп қалған», — дейді Азада.

Азада Сәбденқызы осылай деп ағынан жарылды. Алайда онымен ауылдағы ішкіштер азайып кете қойған жоқ деп қынжылды ол.

nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда