jasqazaq.kz

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашқа видеоқұттықтау жолдады (видео)

24 мамыр 2017, 10:44

Белгілі әнші Лара Фабиан мен америкалық актриса Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Бүгін дарынымен және сирек кездесетін әсем даусымен қысқа уақытта әлемге танылып үлгерген Димаш Құдайбергеннің туған күні, әнші 23 жасқа толып отыр. Қазақ әншісінің өнеріне Қытайдағы Singer байқауы кезінде тәнті болған Лара Фабиан Димаштың туған күніне орай видеоқұттықтау жолдапты.

 

«…Сенің даусың мен дарыныңды ескерсек, бүгін қасиетті күн деп шын жүректен айта аламын. Сонымен, осы әнімді қабыл ал!», — деп Лара Димаштың туған күніне ән арнады.

Ева Лонгория да өз ізгі тілегін жеткізген. Америкалық актриса Димашты Парижде өткен Global Gift Gala қайырымдылық кешіне шақырған еді.

«Сәлем, Димаш! Мен Евамын. Сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Сен бұл әлемдегі ерекше дарын иесісің. Сенімен таныс болғаныма сондай бақыттымын. Саған бар жақсылықты тілеймін», — дейді Ева.

Димаш биыл туған күнін Қытайда атап өтеді. Әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов осы күні Бейжің қаласында Димаштың тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесуі өтетінін хабарлаған болатын.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда