Елімізде 400-ден аса адам экстремизм мен терроризм бойынша айыпталып абақтыда отыр. Бұл туралы Халықаралық түрме реформасы ұйымының (PRI) жетекшісі А. Шәмбілов экстремизм тақырыбы аясында өткен форумда мәлімдеді.
Оның мәліметінше, лаңкестік ұйымдар оңтүстік пен батыс өңірінде белсенді әрекет еткен көрінеді. Шетелдік террористік ұйымдар 14-29 жас аралығындағы жастарды арбауға тырысады.
Терроризмге байланысты қылмыстық іс жыл санап өсіп жатыр.