jasqazaq.kz

Құлаған зымыран үшін Ресей қосымша өтемақы төлемейді

19 маусым 2017, 15:37

Ресей Жезқазған түбінде зымыран-тасығышының бөлшегі құлағаннан кейін шыққан өрт үшін Қазақстанға қосымша өтемақы төлемейді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

«Зымыран-тасығыштың бөлшегі осындай құлауға арналған ауданға түсті. Мұндай жағдай 2-3 жылда бір рет болып тұрады. Зымыран бөлшегі шөлейтті жерге құлады, шөп қурап қалған, күн ыстық, содан өрт шықты. Бұл аумақ осындай жағдайларға арнайы белгіленген», — деді министр БАҚ өкілдеріне. Атамқұловтың айтуынша, төтенше жағдайдың зардабын жою бойынша барлық жұмыстың шығыны ресейлік тараптың мойнында, олар толық бәрін өздері істейді. Мұның барлығы «Байқоңыр» кешенін жалға беру келісімінде қарастырылған.

«Ол жерде тек қана шөп өртенді. Мұның бәрі жалдау құнының жалпы сомасында ескерілген», — деп жауап берді министр Қазақстанға қосымша өтемақы төлене ме деген сұраққа.

Бұдан бөлек, министр Роскосмостың өрттен зардап шеккен адамға көмек көрсету мәселесін қарастырып жатқанын айтты. «Көмек сомасы қарастырылып жатыр. Нақты айта алмаймын. Бұл Ресейдің бюджеті ғой. Зардап шеккен адамға көмекті толықтай Ресей тарапы көрсетеді. Өйткені ол ресейлік кәсіпорынның қызметкері», — деді ол. Айта кетейік, 14 маусымда «Байқоңырдан» ұшырылған «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының бөлшегі Жезқазғаннан елу шақырымдай жерде құлап, қураған шөп өртеніп, өрт шыққан еді. Өртті сөндіру кезінде «КамАЗ» жүргізушісі қаза тауып, ал зымыран-тасығышының бөлшектерін жинап жүрген екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда