jasqazaq.kz

Жас ғалымдардың конференциясы өтті

17 мамыр 2017, 17:25

 

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы мен Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен биылғы жылы «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты жас ғалымдардың  IV республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Конференцияда жиырмадан аса қатысушылар болды, олардың ішінде оқушылар, студенттер мен магистранттар және докторанттардың қатысуымен, сонымен қатар Алматы қаласымен қатар, облыстардан келген оқушылар және өзге де ЖОО студенттері, жаратылыстану, т.б. мамандық иелерінің қатысуымен өтті.

Конференцияны Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің меңгерушісі Өтебай ҚАЛЫБАЙ ашып, Алматы қаласындағы ат/атауға қатысты біршама мәлеметтер берді. Университетіміздің тарих, археология және мұражай факультетінің профессоры Аманжол ҚАЛЫШ да жалқы есімдердің тарихи зерттелуіне қатысты қызықты баяндама жасады.

Дәстүрге айналған конференция жыл сайын өзіндік бір ерекшеліктерінің болуы заңдылық. Ал биылғы жылғы ерекшеліктері, жас ғалымдардың жалпы жалқы есімдердің адам өміріндегі ерекшелігі, зерттелуі мен қатар түрлі қызықты аңыздарға сүйене отырып жасаған баяндамалары, сонымен қатар қатар жарнама тіліндегі жалқы есімдерге қатысты, әсіресе қоғамға әсері жайындағы қызықты баяндамаларды атап өтуге болады. Шынында, жалқы есімдердің қоғамға да, ғылымға да тигізер үлесі, әсері орасан екені белгілі. Жалқы есімдерге деген қызығушылық тілші ғалымдар мен қатар тарихшылар, географтардың да сөзге тиек етері даусыз. Ал, мектеп оқушыларының баяндамалары, конференция барысындағы сұрақ-жауаптарының өзі көңілге қонымды, жаныңа жылулық ұялатады.

Ең жас ғалымдар 5-сынып оқушылары, яғни Алматы қаласы мен Алматы облысы, Тараз қаласы мен облысынан, сонымен қатар Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан қатысушылардың бас қосуы ерекше әсер қалдырды.

Ең үздік баяндамалар Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен марапатталып, кітаптар сыйға тартылды.

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті мемлекетіміздің ең үздік, бас ЖОО екені белгілі. Бәсекеге қабілетті маман даярлауда барынша атсалысып келеді. Сол жоспардың бір бөлшегі ретінде  Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының атқарып жүрген шараларын атап өтуге болады. Ал осы клубтың жетекшілері: Г.Б. Мәдиева мен П.Т. Медетбекова және мүше-студенттері «Шет тілі: екі шет тілі», «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен Республикалық конференция жоғары деңгейде өткенін атап өткіміз келеді.

 

Н.А. Исмайлова,

Ж.Ж. Күзембекова,

оқытушылары

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда