jasqazaq.kz

Күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

23 қантар 2018, 10:32


Шымкенттік студент электр энергиясын өндірудің баламалы әдісін ойлап тапты. Жиырма жастағы Ілияс Мұрат кәдімгі күріштің қауызын ыдырату нәтижесінде биологиялық батарея жасап шығаруға болатынын айтады, деп жазды stan.kz.

“Биологиялық батарея мынадай 12 цилиндрден тұрады. Әрбір цилиндрдің ұзындығы 100 мм, диаметрі 50 мм болып келеді. 1 цилиндрге 50 грамм күріштің қауызы салынады. Яғни 1 цилиндрге 50 гр. күріштің қауызын салу арқылы 70 миллиАмпер ток күшін алдық және цилиндрлерді бір біріне параллель жалғау арқылы бүгінгі таңда біз мынадай светодиодты жақтық. 6 вольттық қуат көше шамдарын жарықтандыруға еркін жетеді”, -дейді өнертапқыш Ілияс Мұрат.

Ілиястың айтуынша, оған нәбері 10 мың теңге ғана жұмсалады. Биологиялық батареялар соған қарамастан кемінде жарты жылға жарайды. Бұл күн мен жел энергиясын өндіру қондырғысынан бағасы жағынан да әлдеқайда арзан екенін айтқан студент өз жобасының басты бірнеше артықшылығы барын айтты. Ілияс Мұрат, өнертапқыш: Бұл жерде айта кететін, инновациясы бұл күріштің қауызын ыдырату кезінде химиялық энергияны тікелей электр энергиясына ауыстырдық. Бұл дегеніңіз – кез келген осы жел қондырғылары және де күн батареяларында алдымен сол алынып жатқан энергияны бір жерге аккумуляторға жинап, одан кейін ғана өндіріске енгізеді. Ал біздің жасап шығарған биологиялық батареяларымыз бұл дайын аккумуляторлар, яғни ұзақ мерзімді жұмыс жасайтын аккумуляторларды дайындап шығардық.

Айта кетейік, күріштің қауызынан қуат көзін алушылар өзге елдерде де бар. Бірақ Ілиястың жобасының артықшылығы – ондағы қалдықтардың қоршаған ортаға зиянсыздығында. Яғни қолданыстан шыққан жағдайда оны тыңайтқыш ретінде қолдана беруге болады екен. Жас өнертапқыштың бұл жобасы жуырда кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен байқауда бас жүлде алып, 1 млн теңгені ұтып алды. Қайтарымсыз қаражатты өнертапқыш өз жобасын жүзеге асыруға жұмсайды.

“Бұл инновациялық жоба болғандықтан, кәсіпкерлер палатасы оның бизнес жоспарын түзіп, жобаны қолданысқа енгізуіне дейін толық бақылауда ұстаймыз. Қондырғылар іздеу, инвестор тартып, қосымша қаржы көзін табу жағынан да жәрдемдесеміз. Бұл экологиялық зиянсыз жоба болғандықтан, аталған жобаға мемлекет тарапынан да қызығушылық болады деген сенімдемін”, – дейді ОҚО кәсіпкерлер палатасының бас маманы Мадина Тұрсынбекова.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды