Күрделі нейрохирургиялық операциялар Шымкентте жасалады

18 сәуiр, 16:16

Заманауи талаптарға сай жабдықталған №2 аурухана тек Шымкент тұрғындарына ғана емес, бүкіл елге танымал. Мұнда күрделі операциялар ангиограф құрылғысымен жасалуда. Дәрігерлер тың әдістерді меңгеруде.

Биыл бұл ауруханада алғаш рет беттегі үшкіл жүйке жүйесінің ауруына шалдыққан науқасқа жоғары технологиялық ота жасалды. 51 жастағы қала тұрғыны екі жыл осы дерттің зардабын тартқан. Дәрі-дәрмек пен физиотерапия емінен пайда болмаған. Сондықтан білікті нейрохирург-дәрігерлер құрамы аурудың асқынуына жол бермеу үшін үшкіл нервке операция жасау туралы шешім қабылдайды. Күрделі операцияны нейрохирург Еркін Медетов микроваскулярлық декомпрессия әдісімен жасады. Статистика көрсеткендей, бұл әдіс 97 пайыз жағдайда тиімді саналады. Өйткені мамандардың айтуынша, тригеминальды жүйке тамырын ми артерияларының немесе тамырлардың қысылуынан босатуға болатын көрінеді. Ота сәтті өтіп, науқас ақ халатты абзал қазір науқастың жағдайы өте жақсы.

Сондай-ақ №2 ауруханада қала бойынша нейрохирургия қызметінің жетекшісі, PhD докторы Еркін Метедовтың жүргізуімен күрделі нейрохиругиялық оталар жасалады. Олар — бас-ми ісігі, бас-ми тамырларының аневризмасы, эпилепсия, паркинсон диагноздары қойылған науқастарға эндоваскулярлы ем-шаралармен қатар, ашық нейрохирургия операциялары. Тәжірибелі дәрігер-нейрохирургке еліміздің басқа аймақтарынан, тіпті Тәжікстан мен Өзбекстаннан науқастар келіп, емделеді.

Аурухананың бас дәрігері Б.Позилов: «Кешенді жоспарлар аясында медициналық туризмді дамытуда тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Бұл ретте білікті мамандарымыз да, қажетті құрал-жабдықтар да дайын. Қала тұрғындарына енді нейрохирургиялық операциялар үшін шет мемлекеттерге барудың қажеті жоқ. Е. Медетов, Н. Қарабаев бастаған халықаралық деңгейдегі мамандар тобы инсульт және басқа да ауруларды МӘМС жүйесінде жолдама арқылы тегін емдейді», – дейді.

Сонымен бірге №2 аурухана базасында қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін қалалық диабеттік табан бөлімшесі ашылған.

Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады.
Операция кезінде катетерді артерияға енгізу арқылы тамыр қабырғаларын баллонмен кеңейтіп, стент орнатып береді.

Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Осылайша ақ халатты абзал жандар қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды