Испания прокуратурасы салық төлемегені үшін «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысы іс қозғады.
Прокуратураның арызы Испанияның салық органдарының есебіне негізделген. Прокуратура 2011-2014 жылдар аралығы футбол жұлдызы 14,7 миллион еуро салықтан жалтарғанын анықтаған. Іс материалы бойынша, Роналду шынайы табысын жасыру үшін 2010 жылы жасағн «бизнес-құрылымды» пайдаланған. Мұның алдында испаниялық БАҚ Роналдудан төленбеген сегіз миллион еуро өндіріліп, 12 ай түрмеге қамалуы мүмкін екенін жазған. Осыдан кейін португалиялық футболшы өз еркімен алты миллион еуроны төлегені хабарланған.