Коста-Рика президенті Луис Гильермо Солис бетон зауытының ашылуына байланысты сөйлеп тұрған кезінде көз алдында айналшықтап ұшып жүрген кәдімгі араны жұтып қойған.
Бұдан кейін ол осы сәт түсіп қалған видеоны CNN-ге жолдауды ұсынды, деп хабарлайды Tjournal.ru Abc6onyourside.com интернет-порталына сілтеме жасап.
«Мен оны жеп қойдым. Араны жеп қойдым. Мұндай жағдай күнде бола бермейді. Бұны CNN-ге жіберіңіздер. Бұл ақуыз ғой» деп әзілдеді Солис «ұялған тек тұрмастың» кебін келтіріп. Сосын су ішіп алды да, сөзін жалғастыра берді.