jasqazaq.kz

Конституциялық реформаның мәні еңбек ұжымына кеңінен түсіндірілді

23 ақпан, 18:05

«Стандарт цемент» ЖШС-нің еңбек ұжымымен Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиын барысында жұмысшыларға Ата Заңға енгізіліп отырған жаңашылдықтар жан-жақты баяндалып, олардың қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, сондай-ақ Мирас университеті Құқық секторының оқытушылары Нұржан Жақсылықов пен Мақпал Мамаева қатысып, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында спикерлер жаңа Конституциялық жобаның басты өзегі – елдің біртұтастығын сақтау мен қоғамдық келісімді нығайту екенін атап өтті.
– Жаңартылған Конституцияның преамбуласында Қазақстанның біртұтас, тәуелсіз мемлекет екені айқын көрсетіліп, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде жарияланды. Бұл – билік пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, азамат мүддесін алдыңғы орынға қоятын маңызды қадам, – деді спикерлер.
Заңгер-ғалым Нұржан Жақсылықов Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, елдің ұзақмерзімді дамуына бағыт-бағдар беретін стратегиялық негіз екенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа жобада сөз бостандығы, шығармашылық еркіндік және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне айрықша мән берілген.
– Бұл нормалар азаматтардың еркін ой айтуына, ғылым мен мәдениеттің дамуына, авторлық және зияткерлік еңбектің қорғалуына нақты кепіл болады. Заң үстемдігі күшейген жерде әділетті қоғам қалыптасады, – деді ол.
Өз кезегінде Мақпал Мамаева еңбек ұжымымен ашық диалог орнатып, жұмысшыларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Ол конституциялық реформалардың әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін, ал құқықтық сауаттылықтың артуы қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін айтып, толық қолдау білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы