Колумбиялық журналист әрі модель Карина Диаз 2011 жылы екі ер адамды ұрлау ісіне қатысқаны үшін тұтқынға алынды.
Тергеу дерегі бойынша, Диаз бен оның серіктесі бизнесмен Уго Лопез Монкайо мен адвокат Милтон Кароны ұрлап кеткен. Қыз еркектерді Кали қаласындағы бардан алып шығып, белгісіз жерге әкеліп қамап тастаған.
Қылмыскерлер ұрланған адамдардың туыстарынан 3 миллиард колумбия песосы көлемінде ақша талап еткен. Күдіктілердің тұтқындалғанына қарамастан, бизнесмен мен адвокат әлі табылмапты.
27 жастағы модель спорттық арнада шоу жүргізген. Телеарна мәліметінше Диаз тек танымал болғысы келгендіктен тегін жұмыс істеген екен.