jasqazaq.kz

Көлсай тауларының көшу себебі белгілі болды

20 сәуiр 2018, 22:12

Ол бірнеше күннен бергі жауын мен жиі болатын зілзала салдарынан қозғала бастапты. Жоталар кешеден бері тоқтаусыз жылжып, бүгін Ұлттық паркке баратын жолды басып қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Көрдіңіздер ме, бері қарай көшіп жатыр. Ар жағы опырылып жатыр, жартысы жоқ. Жұртты шошытқан сырғыманың ұзындығы 1 жарым шақырымға дейін жетеді. Ал, биіктігі 50 метрдей. Сондықтан, тау көшуін мамандардың күшпен тоқтата алмасы анық. Ол Саты өзеніне қарай бағыт алған. Сырғыма сағатына 3 метрге жылжып келе жатыр. Ол әйгілі Көлсайға баратын жолды жауып тастаған соң, бүгін қозғалыс тоқтады. Қазір көшкін жолдың 400 метрін және 4 электр бағанын басып қалыпты. Сондықтан, Көлсай көлдеріндегі демалыс орындары жарықтан қағылған. Сондай-ақ, бүтін бір ауыл аралда қалғандай еш жерге шыға алмай отыр. Тау массасы жақын жердегі малшының үйін де басып қала жаздапты. Әйтеуір, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп үлгерді. Адам шығыны жоқ. Қазір Райымбек ауданының шенеуніктері де, құтқарушылар да тайлы-тұяғымен оқиға орнында жүр. Ал, қауіптің әзір сейілетін түрі жоқ.

АЙДОС САПАРБАЕВ, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

-2018 жылдың басынан бастап Алматы облысында 6 жер сілкінісі тіркелді. Соның әсері және жауын-шашынның әсері деп отырмыз. Қазіргі күнде сырғыма әлі тоқтаған жоқ. Сырғыма қаупі шектелгенше жол жабық тұрады. Қазір ол жерде кезекшілік ұйымдастырылған.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр