jasqazaq.kz

Колледж басшылығы студенттерден ай сайын 10 мың теңгеден жинап отырған

07 маусым 2017, 12:55

Көкшетау колледжінде студенттерден ақша жинауға қатысты дау шықты.

Қала колледждерінің бірінде бюджет қаражатына білім алып жатқан студенттер ай сайын 10 мың теңге төлеген болып шықты. Бұл жағдайды Ақмола облысының Білім басқармасының өкілдері анықтаған. Осыған байланысты оқу орнында тексеріс өткізіледі. «Бұл колледжбен бізде техникалық мамандықтар бойынша бюджеттік орындарды орналастыру туралы келісімшарт бар. Бюджет қаржысына оқып жатқан студенттер тегін білім алуға құқылы, ешқандай қосымша қаржы төлеуге міндетті емес. Бұдан басқа амалдар заңды бұзу болып саналады», — дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов. Алайда колледж басшылығы ай сайынғы төлемдер демеушілік мақсатта болғандықтан, ақша жинаудың заңды екенін айтады. «Бюджеттен қаржы оқытушылардың еңбекақысына ғана бөлінеді. Ал коммуналдық қызметке ақшаны қайдан аламыз? Материалдық-техникалық құрылғыларға? Оқулықтарға? Білім басқармасынан бұл мемлекеттік тапсырысты алмас бұрын ата-аналарды жинап, айына 10 мың теңге беріп тұруға келісе ме деп сұрадық. Олар келісті. Келісімшарт жасастық», — дейді колледж директоры Күнсұлу Хусайнова. Сонымен бірге, колледж директоры ата-аналардың бірі қарсы болса, студент ақылы бөлімге ауыстырылатынын түсіндіре кетті. Ал Валерий Гамазов мемлекеттік тапсырыс сомасына педагогтардың еңбекақысы, коммуналдық қызмет ақысы және өзге де шығындар кіретінін айтады. Бұл қаражатта қарастырылмаған жалғыз шығын — күрделі шығындар, негізгі құрылғылырды сатып алуға, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге және тағы басқаларына жұмсалады екен. Таяу уақытта Білім басқармасы колледж басшылығының әрекеті қаншалықты заңды екеніне тексеріс жүргізеді. Тексеріс қорытындысы бойынша қажетті шаралар қолданылады. «Егер ата-аналар арызданса, колледж кассасына төленген қаражаттың барлығын қайтаруы керек болады. Егер шағым болмаса, қаржы колледжде қалады және бұл қайырымдылық ретінде қабылданады. Бірақ мұны тоқтататынымыз және алда болдырмайтыныз анық», — дейді Білім басқармасының өкілі. Сонымен қатар, облыс ораталығындағы мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшік колледждерге де тексеріс жүргізіледі.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда