jasqazaq.kz

Көлік прокурорлары автомобильдерді әкелудің «теріс схемаларын» анықтады

06 желтоқсан 2023, 11:15


Белгілі болғандай, 2023 жылдың басынан Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды.
Бұл процедураны қайда және қандай құжаттармен өткізуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі Нұсқаулық бірнеше рет көпшілікке жеткізілді.
Алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңге көлемінде айқындалды.
Алайда, көлік прокурорлары анықтағандай, қаскүнемдер бұл жағдайды Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да пайдаланды.
Мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда.
Мәселен, а.ж. 13 сәуірде осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, «Toyota Highlander» маркалы шетелден әкелінген машинаны қазақстандық есепке тіркеген.
Олардың нақтылығына прокурорлар американдық сайттармен мәліметтерді салыстыру арқылы көз жеткізді, бұл аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында «Copart» аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті.
Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екендігін тікелей көрсетеді.
Тек Алматы қаласы бойынша 160 ұқсас факт анықталған.
Көлік прокурорлары мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қойылып қадағалау актісі енгізілді.
Сонымен бірге, жиналған материалдар ҚР ҚК 195 және 361-баптары бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?