jasqazaq.kz

Көлік айдаған бүлдіршін жұртты балағаттады (видео)

09 ақпан 2018, 16:58

ШҚО-да 10 жасар қыз автокөлік рөліне отырып, ауыл-аймақты аралаған. Заңсыз көлік рөліне отырған жасөспірім өзге жүргізушілерге бейәдеп сөздер айтып, тұрғындардың мазасын алған көрінеді. Заңбұзушы жергілікті кәсіпкердің қызы болып шықты.

Оқиға ШҚО-ның Жезкент елді-мекенінде орын алған. Ашуға мінген жезкенттіктердің қоғам назарын аудару үшін қыздың видеосын желіге жүктеген. Ауылдастарының айтуынша, мектеп оқушысы ұдайы ата-анасының көлігіне отырып, елді-мекендерді аралайтын көрінеді.

Көп ұзамай құқық қорғау органдары аталған жайтқа қатысты жауап берді.   “Аталған факті бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді. Полицейлер баланың ата-анасымен сөйлесті. Сондай-ақ, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді ШҚО ІІД өкілі Бақытжан Торғаев.

Енді қыздың ата-анасы 50 АЕК (120250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Stan.kz

 

Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті