jasqazaq.kz

Көкшетауда алдын ала дайындалған қабірлер тұрғындарды шошытты (Видео)

04 желтоқсан 2024, 11:36

Сурет: Видеодан кадр

Көкшетаудағы мұсылмандар зиратында жүз шақты көр қазылып қойған. Мұны көрген тұрғындар: «Жаман ырым, өлім шақырады» — деп тіксінген. Бұл туралы КТК телеарнасында айтылды.

Әлеуметтік желіде шу шыққан соң, мешіт қызметкерлері жағдайды ушықтырмай, қазылған жерді қайта көміп тастады. Алайда кейбіреуінің беті әлі де ашық жатыр. Жер қатты, қар қалың, қақаған қыста көр қазу қиын болады деп, қабіршілер күн жылыда 100 шақты шұңқыр қазып тастапты. Тіпті әрқайсысын 150 мың теңгеден сатқан. «Қыс қамын жазда ойла» деген олардың бұл ісін ерсі көрген жұрт, «бұл өлім шақырғанмен бірдей» дейді.

Қуаныш Оспан: «Сұмдық жағдай. Сорақы жағдай. Хабардармыз, көріп жатырмыз. Ертеректе дін өкілдерінің тарапынан сондай салт болған деп, көркем әдебиеттен оқитынбыз. «Табыт қағу салты» дейді. Түсім азайып кетті, пайда жоқ, өлім-жітім азайып кетті деп, сондай сұмдық жасайтын болған дейді ертеректе. Сол сияқты, қазақтың өзі ырым-тыйымы да бар ғой. Қазылып қойған көр – адамның өлімін тілеп жатады», -дейді.

Қоғам пікірі екіге жарылып, бірі — дәстүрімізде жоқ нәрсе, ырымға жаман десе, екінші жақ ауа райының қолайсыздығына байланысты осылай қабірді ерте дайындаған дұрыс дейді.

Бақыт Смағұл: » Үш-төрт адамның күшімен қазу мүлде мүмкін емес. Сондықтан да зират басында қазылып қойған қабірлердің бір сыры осында ма деп ойлаймын. Өйткені бүгін адам қайтып, ертең жерлеу керек болса, екінші күні зират басындағы бір-екі адаммен ғана қазу мүмкін емес. Оған қазір туыстары да бара қоймайды», — деді.

Ислам дінін насихаттаушы имамдар бұл жағдай бұрын да болған дейді. Сондықтан халықты сабырға шақырып, мәселеге түсініспен қарауды өтінді. Науан Хазірет мешітінің наиб имамы Ұлан Беркімбайұлы: «Зират қыста ғана, осылай соңғы екі жылда қазылып келе жатыр. Күзде, қыста жер қатты болғандықтан, алдын ала қазып қояды, осындай бірнеше қабірді. Бұл соңғы бір жылда, екі жылда қардың аз түсуіне байланысты, жер бір жарым метрге дейін қатып қалады. Қыста кейбір мәйіт 3-4 күнге кешігіп қалған кездер де болды», — түсіндірді.

JQ-Aqparat

Видео: КТК телеарнасы

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет