jasqazaq.kz

Көкшетаулық жігіт Трансформердің киімін жасады

29 наурыз 2018, 10:52

Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғыны өзінің көптен бері ойлап жүрген арманын жүзеге асырды. Ол сіз бен біз көгілдір экраннан көріп жүрген кәдімгі темір адамдардың костюмін айнытпай жасайды. Ешкімнің көмегіне жүгінбей, өздігінен үйреніп алған шебердің қоржынында 15 шақты робот бар. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Біз күнделікті теледидардан көріп жүрген темір адамдардың костюмдерін көкшетаулық Алексий мынадай ғана шағын шеберханада жасайды. Суперқаһармандарға еліктеп, темір адамдарға қызығып өскен бала есейе келе олардың костюмін жасамақ болады. Ең алғашқы жұмысы темір адамның дулығасы болатын.

АЛЕКСИЙ ОД:

– Алғашқы дулығаларым қисық, ұсқынсыз болды. Алайда, мен онымен шектелген жоқпын. Әбден жаттығып, дұрыс дулыға жасағанша істей бердім. Интернетті ақтарып, шеберлердің қалай істейтінін көріп, іздендім.

Бүгінде Алексийді достары «темір адамның әкесі» деп атап кеткен. Өйткені, оның қолынан шыққан туындыларды қолмен жасады деп айту қиын. Әр бөлшегін асқан ұқыптылықпен жасап, бояғаннан кейін зауыттан шыққан роботтардан айнымай қалады. 5 жылдың ішінде Алексий 15 костюм жасапты.

АЛЕКСИЙ ОД:

– Бірақ, сүйікті ісің болған соң тоқтата салу оңай емес екен. Бір жыл ақша жинап, қайтадан бастадым. Қазір осы шеберханада істеп жатырмын.

Кезінде жай ғана хоббиі болса, қазір бұл Алексийдің негізгі жұмысы. Алдағы уақытта жұмыс орнын кеңейтіп, жастарды үйретуді көздейді.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр