jasqazaq.kz

Кісі қолынан қаза тапқан Жанна Бердіғұлова қылмыскерді үйіне өзі кіргізген

15 маусым 2017, 15:33

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованың қазасына тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Қылмыс тұрмыстық қарым-қатынас кезінде болған», — деп хабарлады ақпарат агенттігіне дереккөз.

Оның мәліметінше, қанды қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған жігіт жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, оны судья хабарландыру бойынша тапқан екен.

«Күдікті жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, Алматыға кетпек болған әйел оны хабарландырудан тапқан. Сол күні ол марқұмның үйіне келеді, араларында жанжал шығып, оны тұншықтырып өлтірген», – дейді дереккөз.

Айта кетсек, Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өз үйінде өлтіріп кеткен еді. 46 жастағы судьяның денесі сейсенбі күні таңертең ваннадан табылған. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы жігітті ұстады, ол кінәсін толық мойындаған.

Baq.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда