Жер астында қалып қойған кішкентай баланы құтқарған жеткіншек желі қолданушыларының жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Видеода баланың әкесі оны ойлап жанұшырып жүргені байқалады. Ал өзге жұрт жер астына қамалып қалған балақайды жеткіншектің көмегімен құтқаруға тырысады. Ержүрек жеткіншек балақайды қауіпсіз жерге шығару үшін жердің астына түсуге келісімін берген.
Ақыры құтқарылған баласын құшағына басқан әкесі жеткіншекке алғысын жаудырып, көзіне жас алды. Видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз. Пікір қалдырушылардың дені жас балаға мақтауларын жаудыруда.