jasqazaq.kz

Кішкентай балаларды ұрып жатқан балабақша тәрбиешісі Қазнетті дүрліктірді (видео)

25 мамыр 2017, 11:04

Кішкентай балаларды сапқа тізіп, олардың бірін ұрып жатқан балабақша тәрбиешісінің видеосы Қазнетті дүрліктірді. 

Instagram желісінің denski_blog парақшасында қазақстандық балалар бақшасының біріндегі жағдайдың видеосы жарияланған. Алайда бұл жайт нақты қай балабақшада болғаны айтылмайды.

Кадрда әйел балаларды сапқа тізіп, олардың қолын тексеріп жатқаны байқалады. Ең алғаш болып әйелдің алдына келген балақай белгісіз себептермен тәрбиешінің қаһарына ұшыраған. Ол баланы құлағынан шымшып, сілкілеп, ұра бастайды. Кейін өзге балаларды тексеруін жалғастырады.

«Уатсапта балалар бақшасының тәрбиешісі баланы ұрып жатқан видео тарап кетті. Бұл видеоны блог оқырманы жіберіп, тіпті балабақшаның атауын да айтты. Алайда әзірге толыққанды дәлел таппағандықтан, қай балабақша екенін айта алмаймын. Бірақ баланы ұрғаны факті болып қала береді», — делінген видеоның астында.

Кей пікір қалдырушылар бұл жайт Қарағандыда болғанына сенімді.

«Тәрбиешісін бап бойынша жұмыстан шығарды. Ата-анасымен видео желіге тарамайды деп келіскен. Алайда тарап кетті. Бұл туралы маған құрбым айтып берді. Ол балабақшада түрлі былық болып жатады», — деп жазған mamaria1985 есімімен тіркелген қолданушы.

 

По вацапу распространяют видео, на котором видно, как воспитатель детского сада бьет ребенка. Это видео прислала читательница блога и указала название детского сада, в котором, с ее слов, происходит то, что мы сейчас с вами видим! Указывать название сада в блоге пока что я не могу, нет доказательств, но факт избиения остается фактом! #детскийсадик #избиениеребенка #кргблог #караганда #денисденски @denis_denski

Публикация от 🇰🇿БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

nur.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда