jasqazaq.kz

Кіші Аралда балықтар қырылып жатыр

09 тамыз 2017, 12:58

Кіші Аралда балықтардың жаппай қырылуы орын алды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің қызметкерлері 8 тамызға қараған түні сағат 3-тер шамасында жағаға ағып шыққан мыңдаған балықтың өлексесін анықтаған. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оқиға орнында қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрамында экологтар, ветеринария қызметінің өкілдері, ҚР ІІМ ТЖК, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері бар. Әзірге балықтардың неден қырылғаны және қаншауы қырылғаны белгісіз.

«Себеп-салдарын айтуға әлі ертерек. Бірақ, Қызылорда облысында соңғы кезде күннің тым ысып кетуі және Көкарал плотинасына судың аз келуі балықтардың қырылуына себеп болуы әбден мүмкін. Алайда, нақты себебін мамандар анықтап жатыр», — дейді ҚР АШМ басқарма басшысы Нариман Жүнісов.

Қазір мамандар Көкаралдағы қалған балықтардың қырылмауы үшін алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Sn.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда