jasqazaq.kz

Кір жуғыш машинаға есірткі жасырған (Видео)

27 желтоқсан 2023, 17:12

Жамбыл облысы тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Шу ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жамбылдық полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайда тұрған кір жуғыш машинаның ішінен 4 полипропилен қапшықтағы өсімдік тектес зат пен ерекше иісті ұнтақ заты бар пакет және ұнтақтауға арналған елек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша аталған заттар жалпы салмағы 111 келі 500 гр кептірілген марихуана және жалпы салмағы 2 келі 960 гр гашиш есірткісі болып шықты. Бұл есірткілердің қара нарықтағы жалпы құны – 11 млн теңге. Сондай-ақ жазғы ас үйдегі диванның астынан 12 мм калибрлі ТОЗ-63 тіркелмеген қос ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды. – Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?