jasqazaq.kz

Киіз үйде жалаңаш тайраңдаған бишіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 шiлде 2024, 22:36

Бар қазаққа қастерлі де қасиетті киіз үйді мазақ қылған бишіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Бас прокуратураның мәжілісмен Самат Мұсабаевтың депутаттық сауалына берілген жауапта айтылған. Депутат Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен арандатушыны тауып, жауапқа тартуды сұраған болатын.
Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға орай берген жауабында бейнероликтің Алматы облысында түсірілгені баяндалады. Дерек бойынша Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік, діни алауызлықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқаны баяндалған.
Киіз үйде камзол киіп, жартылай жалаңаш билеген биші қомақты айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Депутат бұл азаматты “сирақты прима”, “ез” деп сипаттап, жын-ойнақты еліміздегі ЛГБТ насихатына тосқауыл қоюға қарсы әрекет деп бағалады. Әлеуметтік желідегілер оның блогер әрі хореограф Әлішер Сұлтанбекұлы екенін жазған болатын.
Ал Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мұны анық арандату деп мәлімдеді.
Айта кеткен жөн, осыдан біраз жыл бұрын ресейлік сканфорд құрастырушы “БОМЖ-дың” баспанасы киіз үй” деп жазғанда ұлт жанашырлары бұған наразылық білдіріп, айыптаған болатын.

JQ-Aqparat

Сурет: polisia.kz 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?