Алматы полициясы жалпы құны 94 880 теңге киім-кешекті ұрлаған кәмелет жасқа толмаған қызды ұстады.
Qamshy.kz хабарлағандай, кеше сағат 15:20 шамасында Зарина А есімді қыз Рихард Зорге №18 көшесінде орналасқан Mart сауда үйіндегі Defacto дүкеніне келген.Видеодан қыздың киім таңдап жүргенін көруге болады. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ұрланған киімдерді сөмкесіне салып алған болуы мүмкін. Одан кейін дүкеннен шығып кеткен.
Defacto дүкенінің директоры полицияға шағымданған. Ол қыздың дүкенге сөмкесіз кіріп, сөмкемен шыққанын байқаған. Дүкен директоры күдіктеніп бейне бақылауды тексерген.
Полиция күдіктіні сауда үйіне жақын маңда ұстады.