jasqazaq.kz

Қыз зорлады деп айыпталған танымал блогерге сот үкімі шықты

19 маусым 2024, 11:25

Сот

18 маусымда Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады. Ол зорлық ісі бойынша сотталып, кейінгі сатыда ақталып шыққан. Енді сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот процесі ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жабық режимде өткен. Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат зорлау бойынша кінәлі деп танылған болатын (Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі).

Сот залында ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған. Кейін оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ал апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған.
Жоғарғы сот өкілдерінің хабарына қарағанда, бүгін өткен сотта қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерханаттың кінәсі дәлелденді деп таныған.

Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады. Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды, — делінген хабарда.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?