jasqazaq.kz

Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк

04 сәуiр 2018, 10:28

Алматыда «Ауыл» ХДПП мен «Rayyan» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк» атты отбасылық және ұжымдық байқау өткен болатын.

Ұлттымыздың рухани және отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға  «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары  Төлеген Сыдықов, «Rayyan» продюсерлік орталығының директоры ҚР Мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулет, Алматы қаласы Орталық мешіттің наиб имамы Қасым Әшімов,  белгілі жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова, Абайтану институтының директоры Жабал Шойбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова және «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек төрелік етіп, байқау жеңімпаздары анықталған.

Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін  дәріптеп, келешектің бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған жарыстың жүлдегерлері — қоғам қайраткері, қаһарлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесті.  Байқаудың бас жүлдесін еншілеген «Қарашаңырақ» тобы, Атаевтар отбасы мен Наурызбай ауданының «Ардагерлер» командасы бүгінгі кештің құрметті қонағы болды.

 

Кездесуге жарыс жеңімпаздарымен қатар Абай ауылы орта мектебінің оқушылары да қатысты. Еркін форматта сұрақ-жауап ретінде ұйымдастырылған жиынға қатысушылар, көкейдегі сауалдарын қойып, Зейнеп апайдың ұлағатты әңгімесін естіді.

 

Мақпал Ноғайбаева

 

 

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр