Қытайдың Юйчжун қаласындағы аудандардың бірінде ер адам өрттен қашпақ болып, 24 қабатта балконға ілініп қалды, деп хабарлайды Channel NewsAsia басылымына сілтеп Stan.kz.
Ол бір қабат төмендегі балконның терезесін шақпақ болған. Бірақ онысынан түк шықпады. Нәтижесінде өрт сөндірушілер терезені шағып, ер адамды құтқарып алды.
Басылым хабарлауынша, тұрғын үйдің 25 қабатында өрт шыққан. Өрттің себебі мен келтірген зардабы жөнінде мәлімет берілмеген.