jasqazaq.kz

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды

15 желтоқсан 2017, 14:03

Есірткі заттарын тасымалдағаны үшін Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімшіден елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, 2009 жылы Қытайдың Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласында құқық қорғау органдары есірткі тасымалдаумен айналысқаны үшін Ақмола облысының тумасы, 1989 жылғы ер адамды ұстап, оны өлім жазасына кескен. Ал 2011 жылы оған қатысты шыққан үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімге өзгертілген. «Қытайдағы Қазақстан елшілігі сотталушыға қатысты істі ҚР Бас прокуратурасына және Қытайдың Әділет министрлігіне жолдады. (…) Қазақстандық дипломаттар мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері сотталушының жазаны өз елімізде Қазақстанда өтеуге қатысты біраз жұмыс атқарды», — деп жазды Жайнақов. Сондай-ақ, биыл Қытайдан Қазақстанның тағы 4 азаматының елге оралғаны айтылады. Ал 2015 жылдың тамызынан бастап Қытайда сотталған 15 қазақстандық елге қайтарылған. «Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы атқарып жатқан осындай жұмыстар басқа елдерде де жүргізіліп жатыр», — деп жазды Жайнақов.

tengrinews.kz

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды