16 желтоқсанда Қытайдың Чанша қаласында өткен Димаш Құдайбергеннің жеке концертінің видеосын «ДимашАли» шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаев жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Он мың адамдық зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен концертке үлкен серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу (қытай — ред.), француз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің «Сəлем» əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Жұлдызым» əнімен жалғасты», — деп жазды Қанат Айтбаев Инстаграмда.