jasqazaq.kz

Қысқы марафон тұңғыш рет өтеді

14 желтоқсан 2017, 16:10

Астанада 24 желтоқсан күні ел тарихындағы тұңғыш рет «AstanaWinter Marafon: мүмкіндік шегінен тыс» атты қысқы марафон өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздің атақты марафоншысы Марат Жыланбаев хабарлады.

Жарыстың ұйымдастырылуына «Маrat#ON» марафон клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев, Астана қаласының әкімдігінің бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциясының жетекшісі Азамат Имашев, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мұрындық болып отыр.
М.Жыланбаев «Өзім де бірнеше қысқы марафонға қатысқанмын. Атап айтқанда, Канадада, ТМД елдері ішіне РФ Санкт-Петерборда дәстүрлі түрде «Өмір жолы» қысқы марафоны өтіп тұрады. Қазақстанда неліктен өтпеді десеңіз, себебі, Елордамыз әлем елдері ішінде Ұланбатырдан кейінгі ең суық астана болып табылады. Бірақ, мен де, шәкірттерім де мұнда тұрған қиын ештеңе жоқ деп білеміз. Біз 300 ғана желаяқты қатыстыруды ойлап отырмыз. Себебі, тек дайындалғандар келеді. Марафонда сонымен бірге, биліктегі белгілі адамдар болады», — дейді. Жарысты үш қашықтықта өткізу жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар классикалық марафонда 42 шақырым, жартылай марафон 21 және 10 шақырымда жүгіреді. Марафонға қатысуға ниет білдіргендер marathonclub.kz сайтында 12-20 желтоқсан аралығында тіркелуі керек.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды