Құрылысы қарқынды Шымкент

22 сәуiр, 19:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда өткен Ұлттық құрылтайда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын айта келе, жұрттың тұрмыс сапасын танытуда баспананың маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Президент бұл ретте жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттыра түсетінін, елімізде осы салада жүз мыңдаған қазақстандықтың адал еңбек жүргенін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге айрықша мән беріліп отыр.
Жақында Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында шаһарда 2023 жылы құрылыс қызметі саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар әңгімеге арқау болды. Жиында Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев қаладағы құрылыс жұмыстарының барысы және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарын баспанамен қамтуға арналған жоспармен бөлісті.
Олжас Пердебайұлы атап өткендей, биыл қалада жалпы сомасы 112,2 млрд теңгеге 131 нысанның құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Осы жоспар бойынша, 119 нысанда құрылыс жұмыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Қалған 12 нысанның жоспары 2025 жылға өтпел болып табылады. Құрылыс басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, көпқабатты 73 тұрғын үйдің (2950 пәтер) 66-сы (2670 пәтер) алдағы жылы тапсырылуы тиіс.
Қала басшылығы тұрғын үйге мұқтаж жандардың баспаналы болуына айрықша мән беріп отыр. Осы мақсатпен 1264 пәтерді сатып алу жоспарланған. Мұның 900 пәтері жастарға, ал 364 пәтер халықтың әлсіз топтарына берілуі тиіс.
Шаһарда тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттардың құрылысын жүргізгенде инфрақұрылымдық жүйелердің болуы ескеріледі. 2024 жылы 12 инфрақұрылымдық нысанның 11-і пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тарқатып айтсақ, Бозарық шағынауданында 7 нысанның, Тұран шағынауданында 3 нысан, Әкімшілік-іскерлік орталығында 1 нысан, пайдалануға беріледі. Ал Ақжайық шағын ауданындағы 1 нысан 2025 жылға өтпелі санатында.


Сонымен қатар, 4 мәдениет және 2 спорт нысанының құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Бұған қоса, қалада 2 саябақ және 2 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады.
Шымкент қаласында білім нысандарының құрылысы да басты назарда. Жоспарға сәйкес, биыл 11 білім нысанының 10-ы тапсырылады, Сондай-ақ, 18 жайлы мектептің 12-сі пайдалануға беріледі.
JQ-Aqparat

Инфографика: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Сурет: tengrinews.kz

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды