Құрық портының жанында кеме жасайтын зауыт салынады

23 желтоқсан 2024, 13:22

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Еліміздегі көлік дәліздердің дамуына Ақтау және Құрық теңіз порттарының инфрақұрылымы маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл ретте контейнерлік тасымалдауға басымдық беріліп отыр. Алдағы үш жылдың ішінде Ақтау портында өңдеу көрсеткішін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл міндетті орындау үшін қытайдың «Ляньюньган порт» компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысы қолға алынды. Сондай-ақ германиялық «Ренус», америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталуды.

Құрық портында көпфункционалды «Саржа» терминалының құрылысы жүріп жатқанын айта келе, Марат Қарабаев: «Оның ішінде ерекше тоқталатын мәселе, Маңғыстау облысында өндірілу жоспарланған «жасыл сутегіні» тасымалдауға арналған тиісті терминалдың жобаланып жатқанын атап өткен жөн», — деді.

Министр отандық флотты дамыту мәселесіне де тоқталды. Қазір «Құрық – Алят» бағытында әзербайжандық паромдар ғана жұмыс істеп тұр. Сондықтан елімізге ең кемінде 7 кеме қажет. Оның өндірісін қалыптастыру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысы жоспарланды.

Марат Қарабаев: «Қазақстандық дәліздерге жүк ағынын тарту үшін ішкі терминалдармен қатар, шетелде жүк жинақталатын аумақтарында сыртқы терминалдар да қалыптастырылып жатыр. Қазір Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары бар.  Грузияның Поти портында қазақстандық кәсіпкердің терминалы жұмыс істеп тұр. Өңдеу қабілеті жылына — 500 мың контейнер. Қосымша Алят портында, Мәскеу маңындағы Селятино қалашығында, Беларусьтегі Свислочь станциясында және Ташкенттегі терминалдардың құрылысы пысықталып жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Оның жылдық қуаты 1 млн 200 мың контейнерді құрайды. Алдағы уақытта Румынияның Констанца, Мажарстанның Будапешт және Қытайдың Үрімші қалаларында бірлескен терминалдарды ұйымдастыру қарастырылды. Соның нәтижесінде сыртқы терминалдардың қуаты 5 есеге өседі. Бұл басты жүк қалыптастырушы елдерден жүктерді қазақстандық дәліздерге тартуға мүмкіндік береді», — деді.

JQ-Aqparat

Сурет: aikyn.kz 

 

Бүгін, 16:53
Телефон ойындарына тәуелді балаға қандай жаза қолданбаған дұрыс?
21 қантар, 13:57
Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?
16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан 2024, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан 2024, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр