jasqazaq.kz

Қырғызстанның экс-президенті 10 жылға сотталды

20 желтоқсан 2017, 14:05

Бішкектің Октябрь аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен ағасы Жәнібек Бакиевті 262 гектар ауылшаруашылық жерді зәулім үйлер салуға арналған аумаққа айналдырғаны үшін сырттай 10 жылға соттады.

Үкімді судья Дамирбек Назаров оқыды, — деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап tengrinews.kz. 2008 жылы Қырғызстан прокуратурасы Бйтик, Лебединовск және Кара-Жыгач ауылдық округтеріне қарасты «ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді» «елді мекен» аумақтарына ауыстыруына байланысты бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қылмысты ұйымдастырғандар бұрынғы депутат Карганбек Смаков, Жаныш және Курманбек Бакиевтер сыбайластар, ал қазіргі депутат Игорь Чудинов, бұрынғы премьер Искендер Айдаралиев және бұрынғы ауылшаруашылық министрі Арыстанбек Ногоев қызметтік бабын асыра пайдаланған деп айыпталды. Кұрманбек және Жаныш Бакиев әрқайсысы 10 жылдан, ал жалпы алғанда өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Экс-депутат Карганбек Самаков мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Алайда 2010 және 2011 жылғы рақымшылық есебінен мерзім үш есе қысқарады. Чудинов пен Айдаралиевке 5 миллион сом (72 мың доллардай) айыппұл салынды. Айыпталушылар кінәсін мойындады. Дегенмен Самаков соңғы сөзінде істің жалған құрылғанын айтқан. Ал Бас прокуратураның Тергеу басқармасының басшысы Кылычбек Арпачиев тергеу кезінде 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталған. Қазіргі таңда Кұрманбек Бакиев отбасымен бірге Минск қаласында тұрады.

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда