jasqazaq.kz

«Қымбат ішкиімді сендердің ақшаларыңа Айнұр Тұрсынбаева киеді»

17 маусым 2024, 14:46

Әнші Жеңіс Ысқақова айтыскер ақыннан психологке айналған Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты ойымен бөлісті. Бұл туралы ол “Adam adam” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

“Өткенде мен бір жігіттің видеосын көріп қалдым. “Ей айналайын, Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой. Негізі ақын ретінде ол кісіні жақсы тыңдайтынмын, жақсы сыйлайтынмын. Ол ақын болып жүре беруі керек еді. Соны тыңдап менің келіншегімнің мектебінде мұғалім”, — дейді. Сол мұғалім Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын тыңдап, 60 мың теңгеге іш киім сатып алыпты. Анау жігіт дөрекі айтты. Соның ақшасын төлемей, қарызға алған. Айлықты уақытында бармай, сатушы келіп “іш киімнің ақшасын төле” депті. Қымбат іш киім киемін деп соны төлей алмай жүр екен. Анау жігіт “Айналайындар-ау, сендер Айнұрды тыңдап еш уақытта қымбат іш киім кие алмайсыңдар. Қымбат іш киімді Айнұр киеді, сендердің ақшаларыңа. Ал сендер өмір бақи тиын санап жүресіңдер. Сондықтан ондайларыңды қойыңдар” дейді. Бұл деген енді ұят. Кім, кімге ақыл үйретіп жүр қазір?! Сен біреуге ақыл үйретпек түгілі, біреуге бірдеңе айтар алдында “былай өмір сүр, былай өмір сүр” деуді алдында өзіңнің өміріңе қара, ағысыңа қара, алдыңа қара”, — деді Жеңіс Ысқақова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?