Күйеуін банкротқа ұшыратқан 38 жастағы индонезиялық әйел жұбайынан виза алу үшін ақша сұраған. Қалтасында көк тыйыны қалмаған азамат қаржылық дағдарысқа ұшырауына индонезиялық әйелін кінәлап отыр. Кристофер Форттың айтуынша, 38 жастағы жұбайы құмар ойын ойнаймын деп 4,9 миллион долларға ұтылған.
Алғашында ол үнемі ақша сұрай берген екен. Кейін әйелі виза алу үшін ақша жетпей тұр деп, тағы 5 миллион фунт стерлинг қажет екенін айтқан. Stan.kz хабарлағандай, Джулиана Посмен күйеуінің ата-анасынан да ақша сұраған көрінеді. Нәтижесінде, ол 169 000 фунт стерлингті алған. Бірақ ол мұнымен тоқтамай екі кәсіпкерден 2,5 млн стерринг ақша сұрап қарызданған. Кейін олар ақшаларын қайтарып беруді талап еткен.
Кристофер әйелінің қарыздарын жабу үшін отбасылық үйін сатуға мәжбүр болды. Қалтасында көк тыйыны қалмаған азамат қазір Брайтондағы туыстарымен тұрып жатыр.
Ерлі-зайыптылар 2010 жылы Сурридегі IT-компаниясында жұмыс істеген кезде танысқан. Джулиана қор биржасын аяғынан көтергенін айтқанымен, құмар ойындарға әуес екені жайлы жақ ашпаған.
Төрт жыл өткеннен кейін олар үйлену тойын тойлап, некеге отырған. Ал балайы өткеннен кейін Кристофер Брайтондағы ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істей бастаған. Жұбайы Джулиана болса несиелік және заңгерлік фирмада жұмыс істеп, жылына 90 000 фунт стерлинг ақша тапқан. Дегенмен, біраз уақыттан кейін ол күйеуіннен виза алу үшін ақша сұрай бастаған.
«Өткенге көз жүгіртіп қарасам, бұның далбаса екенін түсінемін. Ол британдық азаматтың әйелі болды. Біз оған заңды визаны еш қиындықсыз-ақ алып беретін едік. Бірақ мен оны жақсы көргендіктен, оның басқа ойын түсінбедім. Оған сұрақтар қойсам ренжітіп аламын деп ойладым»,-дейді Кристофер Форте.
Өткен жылы ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. Сот индонезиялық әйелге барлық қарыздарын қайтаруды тапсырды.