jasqazaq.kz

Құлсарыда су басқан тағы 200-ден астам үйді бағалау қорытындысы дайындалған

17 мамыр 2024, 17:58

Құлсары қаласының мобильдік топтары су тасқынынан зардап шеккен үйлердің залалын бағалау және техникалық сараптама қорытындыларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бүгін алты мобильді топ бағалау нәтижелерін таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ге жуық Құлсары тұрғынын қамтитын болады.
Бағалау нәтижелерімен танысқаннан кейін, екі күн өткен соң Құлсары тұрғындары мемлекеттен көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады.
Жергілікті тұрғын Гүлнұр Ілиясованың айтуынша, су тасқыны кезінде су деңгейі оның үйінің терезесіне дейін жеткен.
«Қазір бұл үй тұруға жарамсыз, біз бір шаршы метрге 240 мың сомаға қанағаттанамыз. Бұл қаражат үйімізді бұзып, қайтадан салуға жеткілікті», — деді Гүлнұр Ілиясова.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың бірі  Күләш Аманбайқызы өзі үшін ең бастысы,  мемлекеттің қолдауынсыз қалдырмайтыны екенін айтты.

«Мемлекет тарапынан бір шаршы метрге 200-240 мың теңге көлемінде ұсынылып отырған сома мен үшін жеткілікті. Дәл қазіргі жағдайда мен үшін ең бастысы — үйімді салып алу. Маған артық ештеңе қажет емес, ұсынылып отырған  өтемақыға ризамын», — деді Күләш Аманбайқызы.

Мобильді топтардың үй аралап, бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары тасқыннан зардап шеккен барлық үйлерді бағалау жұмыстары толық аяқталғанға дейін, күн сайын үзіліссіз, демалыссыз жалғасатын болады.
Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы № 20 мектеп базасында үйлері апатты деп танылған тұрғындармен меморандум жасау үшін өтініштерді қабылдау жалғасуда.
Меморандум аясында тұрғындар зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы төлеуге байланысты өзіне ыңғайлы амалдарын таңдай алады.
Атап айтқанда, үйді авариялық деп тану кезінде, сондай-ақ, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін залалды өтеудің мынадай нұсқалары көзделген:
1. Зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына ақша қаражатын аудару
жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына;
2. Жергілікті атқарушы органның  жобалық үлгісі бойынша  3 ай ішінде пайдалануға беру міндеттемесімен үй салу.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Сурет: kazinform.kz

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды