jasqazaq.kz

Құдайберген Бекіш: Менің әйелім көкбет емес

27 маусым 2023, 11:53

Танымал әнші Құдайберген Бекіш отандық бағдарламада алпыстан асқан шақта жас көрінуінің сырымен бөлісті.

“Сол заманда туған менің қатарластарым қартаймайды. Ол кезде халықтың ниеті түзу, Facebook, Instagram жоқ. Ел тыныш өмір сүрген, жұмыссыз адамдар жоқ, мемлекет халықты түгелдей қамтамасыз еткен кез еді. Бізді туған кезде шешелеріміз стресс алмаған. Шынына келер болсақ, мен спортты жақсы көремін, өзіммен жұмыс жасаймын. Өнер академиясында оқып, жұмыс істеген кезде өзіммен жұмыс жасау деген әдет қалыптасты. Күніне 8-10 шақырым жүремін. Жүрмесем ұйықтай алмаймын. Адамның ішкі жан дүниесі де таза болу керек. Қазір бірін-бірі мақтап, даттайтындар көп. Мен біреудің өміріне араласпаймын. Әркім өз тағдырына өзі жауап береді. Одан қалды, менің тамаша достарым бар. Әйелім жақсы адам, көкбет емес. Ұлым, немерем бар, келінім тіпті жақсы. Сол себепті адам өз өмірімен өмір сүру керек. Қолдан келсе жақсылық жасау керек”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы