jasqazaq.kz

Қуат «Найман» Головкинді сынап тастады

22 сәуiр 2018, 20:28

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен болатын жекпе-жегіне қарсы шықты. Айтуынша, Головкин өзіне сай емес қарсылас таңдаған. Бұл туралы ол Vesti.kz сайтына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Головкин мен Мартиросянның белдесуі 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы StubHub Center аренасында өтетіні белгілі. Алайда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Головкиннің таңдаған қарсыласына қарсы шықты.

«Екі жыл бойы ешкіммен күш сынаспай, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан боксшы. Меніңше, ол лайықты қарсылас емес. Ол Головкиннен төмен салмақтағы боксшылармен белдесіп, жеңіліп қалған.
Екінші жағынан, бокстың дәуірі аяқталып келеді. Ал біздің боксшымыздың салмағында лайықты қарсылас жоқ. Егер ММА-ға көз жүгіртсеңіз, оныншы нөмірдің өзі бес раундқа созылатын жекпе-жекті көрсете алады.
Үздік бестік қатарында да оларға тең келер қарсылас жоқ. Сондықтан да мен боксты қарамайтын болдым. Бұл Мейвезер мен Уордтың кетуімен байланысты. Жекпе-жекте бір-біріне қарсы тұра алатын қарсыластарды таңдау керек. Өкінішке қарай, бокстағы мұндай кездер аяқталды», — деді Хамитов.
Сонымен бірге ол Головкиннің орнында кімді таңдайтынын айтты.

«Оның орнында Джейкобсты таңдар едім. Одан өзге мықты қарсылас жоқ. Украиналық ең соңғы нұсқа болатын. Мен Мартиросян секілді боксшымен ешқашан шықпас едім. Бұл өзіме деген құрметсіздік болар еді», — деді ол.

Еске салсақ, Головкин 5 мамырдағы бокс кешінде WBC, WBA (Super) және IBO титулдары үшін алаңға шығады.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр