jasqazaq.kz

Қуат Хамит: Ашық-шашық киінетін, анда-мында жүретін қыздар қайтіп ана болады?

11 маусым 2024, 13:49

Белгілі спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ютуб арналардың біріне берген сұқбатында өзінің жеке өмірі жайлы айтты. Сұқбатында ол өзіне адал жар болатын адам іздеп жүргенін жеткізді.

«Мен темекі тартатын, арақ ішетін қыздарды көп көрдім. Бұлай темекі тартып, арақ ішіп, ашық-шашық киінетін, анда-мында жүретін қыздар қайтіп ана болады? Мен қазір орамалдағы қыздарды іздеп жүрмін. Мен тәрбие көрген, әке-шешесі қатты ұстаған қыздарды қарап жүрмін.

Сондай қызға үйленгім келеді. Мен барлық «ластықты» көргеннен кейін, оны көрсем құсқым келеді. Мен ондай адамды үйге алып келе алмаймын. Мен өзім дұрыс емес, жынды болсам да, әйелім дұрыс болсын. Бала анасының тәрбиесін көріп өседі. Егер мен үйленсем, қызға шын жүрегіммен үйленемін және баламды бақытты етуге бар күшімді саламын», — деді спортшы.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?