Қуандық Қасымов: Шымшаһардағы көрерменнің театрымызға ықыласы ерекше

16 мамыр, 13:13


Қазақ театр өнерінің қара шаңырағының бірі – Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры. Қазақ мәдениетінің салт-дәстүрін сахналап, көрерменнің көңілінен шығу үшін театр ұжымы аянбай еңбек етуде. Jasqazaq.kz осы театрдың көркемдік жетекшісі, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовпен сұхбаттасып, өнер ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

— Қуандық Құлмамырұлы, әңгімемізді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының бүгінгі тыныс-тіршілігінен бастасақ.

— Мен театрға көркемдік жетекші ретінде биылғы жылдың ақпан айында тағайындалдым. Ең алдымен театрымыздың жаңалығымен бөлісейін. Биыл Стефан Цаневтің «Жанна д’Арк» туындысын көрерменге ұсындық. Рөлдерде Мөлдір Айдарқызы, Бауыржан Сегізбаев, Жәния Досқараева сияқты театрымыздың белгілі әртістер ойнады. Жанна д’Арк рөлін Мөлдір мен Жәния екі түрлі бағытта, трагедия жанрында сомдады. Ал үшінші кейіпкер адамның жанын алатын жендеттің рөлін Нүркен Орынбек пен Абзал Төленов екі түрлі бағытта ойынады.

Махметәлі Дәриев пен Бауыржан Сегізбаев Тәңірдің рөлін ойнады. Олардың трактовкалары өзінше бөлек. Екі құрам да бір-біріне ұқсамайтын дүниелерді көрсетті. Одан кейінгі қойған спектакліміз Мұқағали Мақатаевтың «Дариға жүрек» пен «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларынан қосылған әдеби музыкалық поэтикалық композиция. Жанрын поэтикалық толғау деп бердік. Оған театрдағы орта буын, жас буын актерлер құрамы тартылды. Барлығы да ән айтады, поэзиямен көмкереді. Дариғаның рөлін ойнаған Айдана Тәттіқұлова деген керемет әнші, актирса қызымыз бар. Сол актриса осы образды сахнаға өзіндік ерекшелігімен алып шықты. Шығармада біз адамдардың бір-біріне деген адалдығын, адамгершілік қасиетін жырладық. Өздеріңіз білесіздер, қазақ үшін аққу киелі құс, оны атуға болмайды. Сол қасиеттен айырылып қалмасақ екен деген ойды Мұқағали астарлап жеткізді емес пе. Дариға жүректің қателігін бұл өмірде кешіре отырып, адам басынан не өтпейді деген толғауында әнмен, музыкамен және ақынның поэзиясымен көркемдеп сахнаға алып шықтық.

— Театр қай бағытта репертуарын жаңартуда, алдағы жылға жоспар қандай?

— Қазір Бекболат Құрманғожаев деген елімізге еңбегі сіңген қайраткеріміз «Кармен» спектаклін қойып жатыр. «Карменнің» тұсауын алдағы маусым айының ортасында кесеміз деп отырмыз. Мамыр айының соңында Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» қойылымын дайындамақшымын. Бұл1980 жылдардың аяғында сахналанған туынды, біраз қазақ театрлары да қойды. Сол «Махаббат аралында» болған оқиғада, тағы да адам тағдыры, терең психологиялық тұрғыдан қарағанда адамның бір-біріне жасаған сатқындығы туралы жырланады. Бұл оқиғада үш кейіпкер — орманшы, дәрігер, келіншек. Биылғы маусым жабылғанға дейін қолға алынған жоспарымыз осы. Оның арасында театр ұжымы сәуір айында Тараз қаласына гастрольдік сапармен барып келді. М.Әуезовтің «Қарагөз», өзбек драматургиясынан «Өлдік те, құрметті болдық» атты комедияны қойдық. «Дариға жүректі» қойдық. Тараздағы көрермен өнерімізді жылы қабылдады. Сонымен қатар Көкшетау қаласында өткен комедиялық спектакльдер байқауына «Өлдік те, құрметті болдық» комедиясын көрсетіп, ол жерде ең үздік әйел бейнесі номинациясын театрымызлдың актрисасы Нұржамал Қаланбаева иеленді.

— Бүгінде театр сүйер қауымның өнерге деген ықыласы қандай? Көрермен сұранысы қаншалықты ескеріледі?

— Қазір театр өнеріне деген халықтың ықыласы ерекше. Бұл бізді шабыттандырады. Әр спектакльге әр адам түрлі көзқараспен келеді. Театр көрермендері көбіне «Танакөз», «Сыған серенадасы» спектакльдерін сұрайды екен. Әкімшілік бөлімі көрермен сұранысын ұдайы зерттеп отырады. Мақсатымыз – әлемдік драматургияны да көрерменге паш ету. Жақында Албанияда халықаралық моноспектакльдер фестивалі өтеді. Біз де сол фестивальге шақырту алдық. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Медея» шығармасын моноспектакльге дайындаған едім. Оны жалғыз актриса сомдайды. Фестивальге осы шығармамен баруды жоспарлап отырмыз.
Алдағы уақытта көрермен сұранысына сай түрлі бағытта, түрлі форматта шығармалар ұсынамыз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы
Суреттер: Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде